Бурабай баурайында табиғатқа 125 мың теңге зиян келтірген жергілікті тұрғын қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданы аумағындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи қорықта шыршаларды кескен браконьер құрықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабай аудандық ішкі істер бөлімі табиғат қорғау полициясының қызметкері Ағыбай Нұрымжановтың айтуынша, Бурабай кентінің 1973 жылғы жергілікті тұрғыны үй қажетіне жұмсау мақсатымен жайқалып өсіп тұрған 11 шыршаны шауып, кәдесіне жаратпақ жерінде қолға түскен. Ол осы әрекетімен табиғатқа 125 мың теңге мөлшерінде зиян келтіріп отырған көрінеді. Қоғамдық тәртіп сақшылары күдіктіні айғақты дәлелдермен құрықтап отыр. Одан балта, ара, дайындалған ағаштар тәркіленген. Қазіргі кезде оның үстінен ҚР ҚК-сінің 175-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар