Бурабай, Бұланды, Жарқайың, Қорғалжын аудандарында күзгі жиын-терін жұмыстары аяқталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Бурабай, Бұланды, Жарқайың,
None
None

Қорғалжын аудандарында күзгі жиын-терін жұмыстары аяқталып, келер жыл егісіне дайындық шаралары жалғастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін өңірде 4 миллион 514,8 мың гектар егіс алқабының 97,7 пайызының дәнді-дақылы жинап алынып, қызыл қырманға 2 миллион 662,4 мың тонна астық жеткізілген. Гектар түсімі орта есеппен 6,4 центнерден айналуда, былтырғы жылғы табыс әр гектарына 9,1 центнер деңгейінде қалыптасқан еді. Келер жыл егісіне 518,4 мың тонна сапалы тұқым қоры құйылды, бұл барлық қажеттіліктің 96,4 пайызы. Аймақта егіншілік мәдениетін арттыру нәтижесінде Зеренді ауданында әр гектардан 10,5 центнерден, Аршалыда-8,7, Сандықтауда 8,6 центнерден өнім жиналды.

Соңғы жаңалықтар