Бурабай көлдерінде аэрация жұмыстары жүріп жатыр

Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы су айдындарында балықтар мен өзге де су организмдерін оттегімен қамтамасыз ету үшін аэрация жұмыстары қолға алынды.

Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Су айдындарында тұрақты мұз жамылғысы пайда болғанда суға оттегі өтпей қалады. Осыған байланысты ихтиофаунада гипоксияның (ағзадағы оттегінің төмендеуі) пайда болу қаупі туындайды, бұл өз кезегінде олардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінен атап өткендей, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында саябақ аумағындағы су айдындарының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Парктің ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі әр 10 күн сайын Үлкен шабақты және Кіші шабақты, Бурабай, Шортанды сияқты көлдердің су құрамына гидрохимиялық бақылаулар жүргізеді. Судан сынамалар алынады. Жедел талдау арқылы судың құрамындағы химиялық көрсеткіштерді анықтайды, оның ішінде сутегі рН, оттегі мөлшері бар.

«Аэрация судағы оттегінің жеткілікті деңгейін сақтауға көмектеседі, бұл балықтар мен басқа су организмдерінің тіршілігі үшін маңызды. Оттегінің аздығы анықталған жағдайда жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі балық ресурстарын сақтау үшін аэроционды жұмыстар жүргізеді. Мұзда ойықтар бұрғыланады, содан кейін су осы ойықтардан мотопомпаның түтігімен мұзда дайындалған науаға айдалады. Одан әрі мұз арқылы 5-6 метр ағып, көлге қайта құяды, бұл ретте судан зиянды газдар шығып, бір мезгілде оттегімен қанықтырылады», — деп түсіндірді ихтиолог-инженер Максим Пак.

Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
Бурабай
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Жүкей көлінде аэрациялық іс-шаралар жүргізілді. Бұл көл тайыз болғандықтан онда оттегі мөлшері өте аз.

Мониторинг қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда аэрация басқа су айдындарында да жүргізіледі.

Жалпы, қыста су объектілерін аэрациялау су ресурстарының экожүйесін сақтауда және балықтар мен басқа да су организмдерінің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.

Айта кетсек, бұдан бұрын оқушылар «Бурабай» ұлттық паркінде құстарға жем салатын астаулар орнатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар