Бурабай курортында бірінші желкенді маусым ашылды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында бірінші желкенді маусым ашылды.
None
None

Облыстық туризм басқармасының мұрындық болуымен «Rixos Borovoe» қонақ үй кешенінің аумағында өткен салтанатты шараға Ресей және еліміздің әр өңірінен келген яхташылар мен қонақтар қатысты. Олардың арасында ҚР Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, халықаралық желкенді регат қатысушы, кайтсёрфингтен спорт шебері Александр Пархоменко және желкенді спортынан Ресей Чемпионатының қола жүлдегері әрі жерлесіміз Сергей Воронов тәрізді танымал спортшылар болды.

Шара аясында «Burabay Marine Club» яхта клубы ашылып, бірінші желкенді регат бастау алды. Оған Қазақстан мен Ресейден 20 жуық спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысына сай бірінші орынды Ольги Лиль бастаған ресейлік команда жеңіп алса, екінші орынға Александра Пархоменко жетекшілік ететін көкшетаулықтар лайық деп танылды. Ал жүлделі үшінші орын Сергей Воронова бастаған екінші көкшетаулық командаға бұйырды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан өзге де командалар мен белсенді спортшылар Алғыс хат және арнайы дипломдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар