16:16, 08 Шілде 2017 | GMT +5
Бурабай орталығында туристер ұзын-сонар кептелісте тұр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курорттық кентінің бас көшесінде ұлттық саябаққа дейін ұзын-сонар көлік кептелісі қалыптасты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Туристер ағыны елорда күніндегі демалысқа байланысты ұлғайды. Қазақстандықтар 6-9 шілде аралығында төрт күн демалуда.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ақмола облысының әкімдігінде Экспо кезеңінде Бурабай мен Зеренді 500 мыңға жуық турист күтетіні хабарланған. Оның 20 пайызы ЭКСПО қонақтары мен қатысушылары болмақ.