«Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында күкіртсутегінен уланған 1 жұмысшы көз жұмды, 3 адам ауруханада

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорныныңсу тазалау стансасында 4 жұмысшы күкіртсутегінен уланып қалды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Төтенше жағдай жөнінде алғашқы болып хабарлаған Бурабай аудандық ТЖБ басшысы, подполковник А.Нұркеновтың айтуынша, «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының су тазалау стансасында жөндеу жұмыстары барысында 4 жұмысшы күкіртсутегінен уланып қалған.

Оның бірі 1979 жылғы слесарь Е.Мишуров сол жерден көз жұмып, денесі Бурабай аудандық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Сондай-ақ, орташа және ауыр түрде зардап шеккен 1956 жылғы бас технолог С.Садықов, 1968 жылғы кезекші электрик Ю.Дрюгин, 1956 жылғы бас инженер А.Шевченко аудандық ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайды реттеуге ТЖД жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, Бурабай аудандық ІІБ 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар