«Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында күкіртсутегінен уланған үшінші адам көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнында күкіртсутегінен уланған төрт жұмысшының үшіншісі көз жұмды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еске сала кетсек, «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының су тазалау стансасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан төрт жұмысшы күкіртсутегінен уланып қалған болатын. Осының салдарынан кеше 1979 жылғы слесарь Е.Мишуров пен 1968 жылғы кезекші электрик Ю.Дрюгин көз жұмса, 1956 жылғы бас технолог С.Садықов пен 1956 жылғы бас инженер А.Шевченко Бурабай аудандық ауруханасында дәрігерлердің қарауында болған еді.

Осыған байланысты ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалған болатын. ТЖД берген соңғы мәліметтерге қарағанда үшінші адам, яғни, 1956 жылғы бас технолог С.Садықов та көз жұмды. Дәрігерлер 1956 жылғы бас инженер А.Шевченконың да жағдайы ауыр екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар