«Бурабай» табиғи саябағының аумағында Халықаралық «Бурабайк-2009» мотофестивалі өтеді

АНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ұлттық «Бурабай» табиғи саябағының аумағында «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен Халықаралық «Бурабайк-2009» мотофестивалі өткізіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистерге «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерс кезекті брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған фестиваль «Байк Каста» мотоклубының ұйымдастыруымен жасалуда.

«Халықаралық «Бурабайк-2009» мотофестивалі - Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің мотоқоғамдастықтарын біріктіретін Қазақстандағы алғашқы кеңкөлемді жоба. Мотофестиваль алыс және жақын шет елдерден келетін қонақтардың басын қосып, ынтымақтастық пен достастықтың нығаюына септігін тигізеді», деді О.Петерс.

Оның бағдарламасына  Ұлттық «Бурабай» табиғи саябағының көрікті жерлерімен танысу, мототехника көрмесі, мотокросс чемпионаты, байкерлік байқаулар мен спортшылардың өнер көрсетуі, көрермендер байқауы тағы басқа сайыстар кіреді. Қонақтар қазақ мәдениетімен етене танысу мүмкіндігіне ие болмақ.

 Қонақтардың қатарында Екатеринбургтан «Сөз мәнінің елестері», Мәскеуден келетін «Горький паркі» атты рок-топтары бар.

 Жоба шілденің 16-сы мен 19-ы аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар