Бурабайда дауыл тұрып, судан екі шетелдік құтқарылды

Әкесі мен баласы Бурабай көлінде SUP-тақтасынан аударылып кеткен. Туристерді жергілікті құтқарушылар құтқарып, жағаға жеткізді.
Бурабай ауданында күн райы құбылмалы болатыны жаңалық емес.
Кеше табиғат тосын мінезін тағы көрсетіп, көлде кенеттен дауыл көтерілді. Үлкен толқындардың салдарынан екі адам мінген тақта аударылып кеткен. Екі турист құтқару кеудешелерінің арқасында аман қалды. Бірақ жоғары толқындар олардың тақтаға қайта көтерілуіне мүмкіндік бермеді. 10 жасар ұлын толқын алып кетпеу үшін әкесі тақтайдан мықтап ұстап тұрған. Осы сәтте көлді көзбен шолып тексеру кезінде құтқарушылар жағдайды байқап, көмекке асыққан.
«Біз құтқарылғандарды жағаға шығардық. Бала қатты қорқып кетті, біз оған психологиялық көмек көрсеттік және 15 минуттан кейін ол есін жиды. Көмек көрсеткен соң су айдынын тағы айналып өттік. Өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, дауыл мен толқынға қарамастан, адамдар катамарандармен жүзуді жалғастырған. Біз төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық демалушыларды жағаға қайтардық», – деді Бурабай құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Андрей Жуков.