Бурабайда «Қысқы ертегі» фестивалі басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында «Four seasons» жобасы аясында 2017 жылғы 20 желтоқсаннан 2018 жылғы 20 ақпанға дейін «Қысқы ертегі» фестивалі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Екі ай бойы қысқы демалысты көңілді өткізу және Жаңа жыл мерекесін тойлауға арналған түрлі шоу-бағдарламалар, ойын-сауық, спорт, т.б. шаралар өткізіледі. Жобаның басты мақсаты демалыс орындарына туристерді мүмкіндігінше көбірек тартуды, Ақмола облысының туристік әлеуетін көтеруді көздейді.

«Фестиваль аясында Ақмола облысының демалыс орындары арасында үздік «Қысқы ертегі» жаңажылдық бағдарламасы бойынша байқау өтеді. Екі айлық шараны кеңінен насихаттау үшін республикалық және облыстық деңгейде «Әкем, апам, мен - спорттық отбасымыз» телешоуы ұйымдастырылады», - дейді Ақмола облыстық туризм басқармасындағылар.

Демалыс орындарының жабдықталуы мен қысқы спорт жарыстарын өткізу деңгейін арнайы комиссия бағалап отырады. Байқау соңында «Үздік мұз ертегі қалашығы», «Үздік жаңажылдық бағдарлама» және «Қысқы демалысты ұйымдастыру үздігі» аталымдары бойынша үш жеңімпаз анықталады, сондай-ақ белсенді қатысқан демалыс орындарына да ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Соңғы жаңалықтар