Бурабайда «Самұрық-2009» жас тілшілердің 1-ші республикалық медиафорумы өтті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысына қарасты Щучье ауданы аумағында орын тепкен «Балдәурен» оқу сауықтыру орталығында «Самұрық-2009» жас тілшілердің бірінші республикалық медиафорумы мәреге жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Еліміздің 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан келген мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық басылымдардың жас тілшілері, фототілшілері, бейнеоператорлары және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары екі апта бойы журналист мамандығының қыр-сырына үңіліп, шеберлік сыныптарына қатысты. Өздерінің басылымдары мен туындыларын көрермен назарына ұсынып, тәжірибе алмасты. 10 мен 15 жас аралығындағы 300-ге тарта балғындар алдында облыстық және республикалық БАҚ өкілдері пікір алмасып, тәжірибелерін ортаға салды. Шара барысында балалар редакцияларының жұмысын ұйымдастыру, электронды поштамен жұмыс жасау, газетті жоспарлау, безендіру, интернет-журналистиканың болашағы жайында мағлұмат алды. Тәжірибе алмасудың негізгі мақсаты -балалардың ақпараттық кеңістігін құру, оған дарынды, болашағынан мол үміт күттіретін және мақсат қоя білетін жасөспірімдерді тарту болғандықтан, шара барысында ойға алған мұратқа қол жеткізілді. Форум соңында бір топ жас тілшілерге арнайы сертификат табысталды.
Соңғы жаңалықтар