Бурабайда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер командалары арасында бәсеке өтуде

ШЕТАУ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысының көрікті аймағы Бурабай баурайында «Одақ-2009-Қазақстан» Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер жастар әскери-спорттық командалары Ш халықаралық жиынының алғашқы үш күнінде жеткіншектер алыс қашықтыққа жүгіріп, пышақ лақтырудан күш сынасты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде алғаш рет өткізіліп отырған іс-шарада Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және елімізден 8 команда күш сынасуда. Бұл жолы Қостанайдан - «Альбатрос», Степногордан - «Сұңқар», Оралдан  «Сайып қыран сарбаздары» командалары ел намысын қорғауда. Іс-шараның бас төрешісі, ауған соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Сергей Гушиннің айтуынша, бұған дейін Бішкекте өткен сайысқа қарағанда жас патриоттардың  шынығып, тәжірибелері толысқаны байқалады.

Бәсекені өткізудегі мақсат - жастар арасындағы достық, бірлік қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді кеңінен насихаттау. Жасөспірімдер 10 күнге созылатын жарыста әскери-спорттың  сегіз түрінен сынға түсетін болады. Өз кезегінде командалар жұртшылық назарына ұлттық киімдерін, билері мен әндерін, әскери дәстүрлерін, жекпе-жек түрлері мен ұлттық тағамдарын ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар