Бурабайда Винченцо Нибалидiң «Тур де Франстағы» жеңiстi велосипедi саудаға шығарылмақ

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, оның бастапқы сомасы 1,2 миллион теңгенi құрайды. Сонымен қатар бұл саудада Александр Винокуровтың "Vino" велосипедi де сатылатын болады. Жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Сауда басталмас бұрын Нибали, Винокуров, Иглинский бастаған "Astana Pro Team" командасының мүшелерi мен 130-ға тарта қазақстандық қайырымдылық велошеруге қатысады.
Айта кетейiк, шiлде айында өткен "Тур де Франс-2014" жарысында "Astana Pro Team" капитаны Винченцо Нибали жалпы есепте бiрiншi орын алған болатын.
Естерiңiзде болса, былтыр Бурабайда аталмыш қайырымдылық шарасының ұйытқысы болған А. Винокуров өзiнiң Лондон Олимпиадасында жеңiске жеткен велосипедiн сатылымға шығарған болатын. Ол кезде 11,5 миллионнан астам теңге қаражат түсiп, Көкшетау перинатальды емханасын жабдықтауға жұмсалған едi.