Бурабайдағы хайуанаттар бағы: қыста жануарларды немен қоректендіру керек

Ақмола облысындағы Бурабай курортының хайуанаттар бағында аң-құстың 30 түрі бар. Тұяқтылар, жыртқыштар, құстар, кеміргіштер... Бұлардың әрқайсысының дербес диетасы бар, соған сай мәзір жасалған, деп хабарлайды Kazinform.

жануарлар
Фото: «Бурабай-Даму» ЖШС

«Сүйкімді жануарларға азық беріп, селфи жасауға бәріміз құмармыз, әрине. Дегенмен, егер біздің жануарлар ауырып қалмасын десеңіз, хайуанаттар бағына келгенде қарапайым азықтандыру ережелерін сақтауыңызды сұраймыз», — дейді «Бурабай-Даму» ЖШС қызметкері Әсем Мұқымова.

Нені есте сақтау керек?

  • Шөпқоректілерге нан, сәбіз, қызылша және басқа да көкөністерді қалыңдығы 1 см-ден аспайтындай етіп, дөңгелеп беруге болады.
  • Жыртқыштарға жуан сүйектері бар ет бермеңіз.
  • Көкөністерді тұтастай жесе, өңеші бітеліп, қақалып қалуы мүмкін.
  • Шабдалы, қара өрік, нектарин тәрізді жемістерді кесек-кесегімен жегізбеңіз.
  • Азықтандырмас бұрын, азықтың бүлінбегеніне, шірік, көгеру және бөгде заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
  • Полиэтилен пакеттер табиғатқа орасан зиян келтіретінін білеміз. Сол үшін ондай қалдықтарды жануарлардың жанында қалдырмаған жөн. Жеп қойып немесе басқа жағдайға ұшыраса, өліп қалуы мүмкін.

Айта кетсек, Президент Іс басқармасы «Бурабай-Даму» кәсіпорнының Хайуанаттар бағы баршаңыз үшін есігін айқара ашты.

Еске салайық, «Бурабай» ұлттық паркінде 470 тонна шөп және 135 мың бума жапырақ дайындалды.