Бурабайдағы туристік нысандар жазғы маусымға дайындалып жатыр

туризм
Фото: "Бурабай-Даму" ЖШС баспасөз қызметі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Бурабай курортындағы туристік нысандар сервисті арттыра отырып, жазғы маусымға дайындалуда.

Жазғы маусымға дайындық аясында Президенттің Іс басқармасы жанындағы «Бурабай даму» ЖШС қызметкерлері және туристік нысандардың өкілдері туристерге көрсетілетін қызметтердің сервисі мен сапасын арттыру үшін Ақмола облысының туризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге, мамандарға арналған семинар-тренингке қатысып жатыр. 

семинар
Фото: "Бурабай-Даму" ЖШС баспасөз қызметі

«Ақмола облысының туризм басқармасы жанындағы „Visit Aqmola“ туристік ақпараттық орталығы Ақмола облысының туризм және демалыс инфрақұрылымы нысандары үшін семинарлар циклін өткізеді. Семинар 16 сәуірге дейін жалғасады. Онда қонақ үй бизнесін басқару, экологиялық туризмді дамыту және оның сауықтыру индустриясына қосқан үлесі, туризмдегі маркетинг тәрізді тақырыптар қозғалады», — дейді «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен.

тренинг
Фото: "Бурабай-Даму" ЖШС баспасөз қызметі

Айта кетсек, «Бурабай даму» ЖШС басқаруында табиғат мұражайы, хайуанаттар бағы, мультимедиалық интерактивті кешен, Қазақстандық Лапландия сияқты нысандар бар.

Еске салайық, Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген болатын.

тренинг
Фото: "Бурабай-Даму" ЖШС баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар