Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Бурабай курортында ҚР Президентінің Іс басқармасы «Бурабай даму» ЖШС және Бурабай кентінің әкімшілігі ұйымдастырған мерекелік шараларға 10 мыңға жуық адам адам қатысты. Бұл Бурабайға Наурыз мейрамын тойлауға келген бурабайлықтар мен туристердің рекордтық саны.

Курорт тұрғындары мен қонақтары үшін талантты шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама ұсынды. 

Наурыз
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен

Жиналғандардың барлығына наурыз көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, арқан тарту, армрестлинг, қой көтеру тәрізді түрлі ұлттық ойындар өткізілді.

Наурыз
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен

«Наурыз мейрамы жаңа жылдың, жаңа бастамалардың басталуын білдіреді, бұл ең алдымен жақсылық, бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім мерекесі. Көпшіліктің қатысуымен өткен мерекелік шаралар Наурызнамның 10 күнге созылған басты оқиғалары болды», - деді «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен.

наурыз
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен

Айта кетсек, бұдан бұрын бес мыңнан астам ақмолалық Наурыз мейрамын дүркіретіп атап өткенін жазғаны едік.

Соңғы жаңалықтар