Буранов әжелері қазақ тілінде ән шырқады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Евровидение» байқауының қатысушылары, Ресейден келген Буранов әжелері отандастарымызбен бірге қазақ тілінде ән жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Буранов әжелерімен бірге жаңа шығарманы әнші әрі актриса Салтанат Құдайбергенова және стилист, дизайнер Илай Дягилев орындайды.

Илайдің сөзіне қарағанда, әзіл-сықақ жанрындағы жаңа ән эстрададағы «бомба» болайын деп тұр.

«Буранов әжелері жарты күннің ішінде ғана әннің қайырмасын жаттап алды. Ән 21 желтоқсандағы ресейлік «Союз» лейблінде жарыққа шығады. Бұл туынды Мәскеуде Стас Костюшкиннің студиясында және Алматыда Ерболат Құдайбергеннің студиясында жазылған. Мұндай шығармашылық ынтымақтастықты ешқашан көрген жоқсыздар-ау», - деді Илай Дягилев.

Буранов әжелері шырқайтын әннің мәтіні мынадай:

Көңілім жоқ менің, жоқ менің, жоқ менің

Маған сен келмедің, келмедің, келмедің,

Кімге керек бұның бәрі

Өлеңім тек маған дәрі

Бірақ сені күтемін, күтемін.

Соңғы жаңалықтар