Бұрымды балуандарымыз Азия чемпионатынан 4 қола алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер құрамасы жарысты төрт қола медальмен аяқтады.

еркін күрес
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Лаура Амағанбетова Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы кілем қожайыны Сезім Жұманазарованы жеңіп, еліміздің қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

Сонымен қатар 72 келі салмақта ел намысын қорғаған Анастасия Панасович та үздік үшінші орыннан көрінді. ОЛ қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Озода Зарипбоеваны 10:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 4 қола медальмен аяқтады: Панасович (72 кг), Алмағамбетова (57 кг), Каюмова (59 кг), Сыздықова (76 кг).

Осылайша, екі күн ішінде әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз Азия чемпионатының финалына өте алмады.

Ертеңнен бастап бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығады. Азия чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар