Бұрын және қазір: Петропавл қалай өзгерді

Петропавл – 271 жылдық тарихы бар қала. Біреулер оны шалғайдағы ауыл дейді, екіншілері ол пікірмен дауласып жатады. Елдің ең солтүстігіндегі қаланың өзіндік өмір тәртібі және ерекше тарихы бар. Қаланың қалай өзгергені туралы Kazinform агенттігінің тілшісі баяндап береді. 

Бұрын және қазір: Петропавл қалай өзгерді
Коллаж: Kazinform

Бір кездері оны көпестер қаласы деп атайтын. Осы тап өкілдері Петропавлдың келбетіне көп үлес қосты.

Ғажап сәулетті үйлер жүздеген жылды артқа тастап, әлі де жұмыс істеп тұр. Әрқайсысының қызметі өзгерді, жыл өте келе сыртқы көрінісіне де өзгеріс енгізілді.

Петропавлдағы ең әдемі ғимарат – Юзефович көпестің үйі. Ғимарат 1909 жылы классикалық модерн үлгісінде салынған. Қазір ол жерде бейнелеу өнері музейі орналасқан. 20 ғасырдың басында мұнда № 1 балалар үйі, содан кейін жасөспірім қылмыскерлерге арналған түрме, емдеу және басқа да мекемелер болды. 

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Тарихы ең қайғылы нысан – Янгуразов көпестің үйі немесе қалыңдық үйі бірнеше рет қирап қала жаздаған. Бірақ жақында ғана ол мемлекет меншігіне өтті, енді оған жойылып кету қаупі төнбейді. Ғимаратта бір кездері депутаттар кеңесі, құрамында жазушы Сәбит Мұқанов жұмыс істеген ерекше нысандағы бөлімше орналасқан.

Қазір ол жерде тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану орталығы жұмыс істейді.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Тағы бір танымал орын - көпес Мұхамедьяровтың 1870 жылы салынған үйі. Бірінші қабатта дүкен мен қоймалар орналасса, екіншіде қожайынның отбасы тұрған. Ғимараттың ерекшелігі - мұнда ақын Мағжан Жұмабаевтың жары Зүлейха дүниеге келген.

Мағжан екеуі үйленгеннен кейін де 1922 жылға дейін осы үйде тұрды.

Әр жылдары ғимаратта дүкен, мейрамхана, дәмханалар жұмыс істеді. Қазір мұнда облыстық газеттің редакциясы орналасқан.

Петропавл
Коллаж Kazinform

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі де көпес үйі ғимаратында тұр. Біз кездері бұл жер коммерсант Аркельдің үйі мен көпес Стреловтың дүкені болған. Революциядан кейін бұл нысанда Жұмысшылар кеңесі, әскери комиссариат пен өндірістік тауарлар дүкені, балалар кітапханасы, фабрикалық цех жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап музейге айналды.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Қазпоштаның қазіргі ғимаратының негізі әмбебап дүкеннің, 19 ғасырдағы жеделсатысы бар жалғыз үш қабатты ғимараттың іргетасына қаланды. Дүкен мәскеулік фабрикант Ганшин мен жергілікті ағайынды көпестер Овсянниковтерге тиесілі болған. 1917 жылы өрт болып, ғимаратты күл-талқан етті. Бүгінге дейін есіктері сақталған. Дүкеннің орнына 1929 жылы Бас пошта бөлімшесі салынды. Бүгінге дейін қызметін жалғастырып келе жатқан Кеңес билігінің алғашқы ғимараттарының бірі.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Облыстық әкімдікке жақын маңда «Славянский двор» мейрамханасы бар. Бір кездері ол жерде кәдесый дүкені орналасты, одан бұрынырақ көпес Турлаповтың үйі болған. Ауласында қой терісінен тон пішетін шағын зауыт жұмыс істеді.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Өз қызметін жалғастырып келе жатқан тағы бір нысан – «Новый свет» заманауи кинотеатры. 20 ғасырдың басында оны кәсіпкер Назаров салған. Алғашқы электротеатр да соған тиесілі. Кеңес кезінде мұнда «Ударник» кинотеатры орналасты.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Білім беру қызметі де Романовский училищесі ғимаратында қазірге дейін сақталған. Әуелде мұнда екінші дәрежелі мектеп болды, соғыстан кейінгі жылдары эвакуацияланған кеме жасау механика-конструкторлық техникумы жұмыс істеді. Қазір гуманитарлық-техникалық колледж орналасқан.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Назарбаев және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында әр азаматқа ЦУМ (орталық әмбебап дүкен) деген атпен белгілі ғимарат бар. Бірақ ол әуелде Сібір акционерлік халықтық банк үшін салынған екен. Сонымен қатар бұрын ол жерде бірінші гильдия көпесі Александр Блюментальдің дүкені мен баспаханасы жұмыс істеді. 

Петропавл
Коллаж: Kazinform

Уақыт өте келе қаладағы Арбат, Қазақстан Конституциясы жаяу жүргіншілер көшесі де өзгерді. Ұзындығы – 2 шақырым. Осы жағынан ол 1,8 шақырымға созылған даниялық Строгет көшесінен асып түсті. Қоғам белсенділері тіпті Петропавлдағы көшені Гиннес рекордтар кітабына енгізу туралы бастама көтерген болатын.

Бір қызығы, Конституция бірден жаяу жүргіншілерге арналған көше болып кеткен жоқ. Алғашында Ленин атымен аталған көшеде көлік жүретін, сондай-ақ бұрын Вознесенский даңғылы да болды.

Петропавл
Коллаж: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар