13:45, 20 Ақпан 2024 | GMT +5
Бұрынғы ТЖ министрі Сырым Шәріпханов қайда жүр
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бұрын осы салада министр болған Сырым Шәріпхановты жұмысқа шақыру туралы сұрақтарға жауап берді.
«Ол кісі назардан тыс қалған жоқ, басында-ақ сөйлестік. Әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ ол қазіргі таңда өзінің денсаулығын, отбасы жағдайын дұрыстап алған соң, бір айдың ішінде шешім қабылдайды. Дегенмен біз жақтан барлық ұсыныстар жасалды», - деді Шыңғыс Әрінов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сырым Шәріпханов министр лауазымын небары 8 ай атқарды. Kazinform экс-министрдің несімен есте қалғанына шолу жасады.
Бұған дейін Шыңғыс Әрінов «Майқайыңалтын» кен орнындағы қазіргі ахуалды баяндап, өзі қашан баратынын айтқан еді.