Бұрқасын, көктайғақ: 16 облыс пен Астана тұрғындарына ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — 14 желтоқсан, жексенбі күні Қазақстанның 16 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
14 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкент қаласында 14 желтоқсанда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Петропавлда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
Астана қаласында көктайғақ болады.
Атырау қаласында қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде қар, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп өтеді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да асады. Ақтау қаласында кей уақытта қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да асуы мүмкін.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Көкшетауда күндіз көктайғақ болады.
Жезқазған қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында жолдарда көктайғақ болады. Кей уақытта тұман басуы ықтимал.
Ақтөбеде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын жауып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен қаласында түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Оралда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын жауып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семейде 14 желтоқсанда түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, кей уақытта жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Таразда кей уақытта тұман түсіп, түнде көктайғақ болуы мүмкін.
Қостанай облысында көктайғақ күтіледі. Қостанай қаласында қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 25 м/с жетеді. Қызылорда қаласында таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК қазіргі уақытта жабық тұрған жолдар тізімін жария етті.