Бұрқасын, көктайғақ — Қызылорда облысында көлік қозғалысы шектелді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.

4 ақпанда елорда уақытымен Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында ауа райы күрт нашарлап кетті. Жол бойында бұрқасын, көктайғақ болып тұр.
«Осыған байланысты 4 ақпанда сағат 20.20-де ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1240-1360 шақырым аралығына жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аралықты қамтиды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды.