Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Қазгидромет күн райы болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 18-і күнгі күн райы болажамын жариялады.

Зима буран метель люди Қыс боран Адамдар
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ел аумағында қар мен жаңбыр жаууына ықпал етеді. Солтүстік – батыс, солтүстік, орталық аймақтарда – қар жауып, елдің шығысында, оңтүстігінде нөсер жауын болады.

Республика бойынша жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, тұман және көктайғақ болады.

Осыған дейін Қазгидромет демалыс еліміздің аймақтарында күн 35 градусқа дейін суытатынын мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар