Бұрқасынға байланысты Қазақстанның үш облысында жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өңірлерде республикалық маңызы бар жолдардың жабылғанын хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

Бұрқасынға байланысты Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Алматы облысында ауа райы жағдайының (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) нашарлауынан 6 ақпаннан бері Үшарал-Достық (83-184 шақырымдар) автожол бөлігі барлық автокөлік түрлері үшін жабық тұр.

9 ақпан күні 12:10-да Шығыс Қазақстан облысындағы бұрқасыннан «Семей-Қайнар» (8-266 шақырымдар) автожолындағы барлық көлік қозғалысы тоқтады.

Павлодар облысында 9 ақпан күні 14:00-де ауа райының (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) қолайсыздығынан «Қызылорда-Павлодар» (1135-1206 шақ., Шідерті-Қарағанды облысының шекарасы) трассасындағы қозғалыс тоқтатылды.