Бұршақ, екпінді жел, қар: 10 сәуірде ауа райы күрт салқындайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бұршақ, екпінді жел, қар: 10 сәуірде ауа райы күрт салқындайды
Фото: Pixabay.com

— 10 сәуірде Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі. Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 16 өңірі мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.

Ал бүгін еліміздің бас қаласы Астанада:

  • Күн бұлтты
  • Күндіз шамамен +1°C
  • Түнде -7°C дейін төмендейді
  • Желдің жылдамдығы шамамен 4–5 м/с

Қазір ауа температурасы шамамен -5…-6°C, бірақ желдің әсерінен -10…-15°C сияқты сезілуі мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар