Бұрын сотталған азамат марихуанамен ұсталды

ОРАЛ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Ташкент көшесі бойында жедел іздестіру шаралары барысында шарты түрде сотталып, мерзімінен бұрын босатылған 39 жасар Ж. деген азамат ұсталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысына сәйкес одан 5,42 грамм марихуана табылған. Тұратын жерін тінту барысында 16 килә марихуана тағы шыққан. ҚР ҚК 132-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Ж. уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Маусымның 20-сы күні таңертең «Бортау-Орал» автожолы бойында қайғылы оқиға орын алды. «Тойота Прадо» автокөлігінің руліне ие бола алмаған 20 жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Жиырма жасар жолаушы жеңіл дене жарақатын алды.

Соңғы жаңалықтар