Бұрынғы отандастарымыз БАҚ өкілдерімен кездесті - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бұрынғы отандастарымыз бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің орталық коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен кездесті.
None
None

«Қазақстанға ыстық ықыласпен» деген тақырып аясында өткізілген шараға Сыр өңірінен көшіп кеткен отандастарымыз қатысты.

«Шараның мақсаты басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатқан отандастарымызға этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін таныстыру. Олар - кезінде осында тұрған, кейін тарихи Отандарына қайтып оралған әртүрлі этнос өкілдері», - деді брифингте ҚХА-ның облыстық хатшылығының меңгерушісі Асылбек Жұмабаев. Қонақтардың қатарында Шешен Республикасының Халық әртісі, Грозный қаласының халықтық үрлемелі аспаптар ансамблінің жетекшісі Сұлтан Адаев, Ресейдің Томск қаласындағы «Томладпарфюм» компаниясы директорының орынбасары Александр Цой, украиналық зейнеткер Лидия Пшенникова және тағы басқалар бар.

Соңғы жаңалықтар