БҰҰ: 2024 жылы мигранттардың ең көп өлімі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылы мигранттар жүретін жолдарда 8 мың 938 адам мерт болған. Бұл туралы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым хабарлады, деп жазады түркиялық Анадолы.

 2024 жыл мигранттар өлімі жөнінен рекорд орнаған жыл болды
Фото: cbp.gov

Бұл тарихта мигранттар ең көп өлген жыл болып отыр.

Кейінгі 5 жылда көшіп-қонушылардың жолында көз жұмғандар саны тұрақты өсіп келеді. 2024 жылғы көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда көп болды. 2023 жылы 8747 адам өлген еді.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның операциялар жөніндегі директоры Угочи Дэниелстің сөзінше, бұл сұмдықты тоқтатып қана қоймай, оның алдын алуға да болады.

Дэниелстің айтуынша, кісі өлімі әлемнің көптеген елдерінде байқалып отыр.

- Бұл қайғылы жағдайлар санын қысқартуға мүмкіндік беретін халықаралық шаралардың аса қажетті екендігін білдіреді, - деді ол.

Осыған дейін Грекияда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 8 адам мерт болғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар