БҰҰ аштықпен және кедейлікпен күрестің жаһандық мақсаттарын келісті

«Бұл шынымен де тарихи сәт», - деп мәлімдеді келіссөз үдерісінің тең төрағасы, БҰҰ жанындағы Кенияның тұрақты өкілі Мачария Камау.
Құжатта 15 жылға орнықты дамудың 17 мақсаты көзделген. Олардың біріншісі «кедейлікті түп тамырымен жоюды» қарастырады. Ғаламшарда кедейлердің басым бөлігі Африка мен Азия елдерінде тұрады. Сондай-ақ, БҰҰ Іс-қимыл жоспары аштықты жоюды, білімге, денсаулық сақтауға қолжетімділікті қамтамасыз етуді, жыныстар теңдігі, орнықты экономикалық өсімді, жаһандық жылынуға қарсы шұғыл шараларды іске асыруды қамтиды.
Құжат Нью-Йоркте 2015 жылғы қыркүйекте ұйым саммитінде қабылданады деп күтілуде. БҰҰ бағалауынша, алдағы 15 жыл ішінде қойылған мақсаттарды іске асыруға жыл сайын 3,3-тен 4,5 миллиард долларға дейін қаражат қажет, деп атап өтеді AFP агенттігі.