БҰҰ әйелдері қазақстандық сирек кәсіп иелерінің фотосын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азиядағы БҰҰ әйелдері құрылымының ұйымдастыруымен Қазақстанның  Алматы, Астана, Шымкент және Семей қалаларында ерлерге тән  сирек кәсіп иесі атанған әйелдер туралы #YesSheCan фото көрмесі өткізілді. Бұл туралы  дүниежүзілік ұйымның сайты хабарлайды.
None
None

«Мен бала кезден полиция қызметкері болуды армандадым,- дейді Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі  Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева. «Жоғары оқу орнын тәмандағаннан кейін  заң факультетіне сырттай оқуға түсіп, ішкі істер органдарында тағылымдамадан өттім. Мен жұмысқа тұрған жылдары (2000-2002) ішкі істер органдарына қыздарды қызметке көп алмаймын. Алайда мен алған бетіммен қайтқан жоқпын, өзім таңдаған сүйікті кәсіптің иесі атандым»,- дейді Ақмарал.

Фото көрменің келесі кейіпкері өзінің сүйікті кәсібіне бірден қол жеткізе қойған жоқ. Наталья Линченко заң мамандығын бітіріп, сол салада жұмыс жасады. Алайда Наталья табандылығының арқасында өзінің  мақсатына қол жеткізіп, әйелдер арасында сирек кездесетін кәсіпті игеріп, ұшқыш атанды.

28 жастағы бағдарламашы мамандығы бойынша жұмыс жасайтын Ақерке Балғабаева қыздардың басым бөлігі жұмысқа қабылданар кезінде отбасы, тұрмыс, бала күтіміне қатысты сұрақтардың астында қалатындығын жасырмайды.  «Мені жұмысқа қабылдар алдында бір компания менен тұрмысқа шығу, жүктілік және бала күтімі демалыстарына қатысты жоспарымды сұрады. Мен ол кезде өзімді ыңғайсыз сезіндім»,- дейді Ақерке.

Фото көрменің тағы бір кейіпкері - Әйгерім Сабралиева. Ол футболшы, заңгер,  Қазақстан футболшылары кәсіподағының бас хатшысы: «Мен футбол спортына 14 жастан бастап қызығушылығым артты. Қазіргі кезде спорт менің өмірім, қызметім»,- дейді Әйгерім.


30 жастағы Зульфия Баймұханова мұнай-инженері. Зульфияның сөзіне қарағанда, оның мамандығы физика және математика сияқты  нақты ғылымдардың қатарын толықтырады. «Мен жұмысымда өзімнің білімім мен еңбекқорлығыма иек артамын. Соның арқасында мен бірінші санатты инженерден ұңғымаларды зерттеу қызметінің жетекшісі қызметіне көтерілдім»,- дейді Зульфия.


Әйелдер үшін ерекше кәсіпті Айшабибі Ташкенбаева таңдаған. Ол кеме жүргізуші болып қызмет етеді. Оның бұл мамандықты таңдауына теңізді шексіз сүйетіндігі себеп екен. «Теңізде өзімді еркін сезінемін. Теңіздегі ең әсерлі, әдемі көрініс - күннің батуы»,- дейді Айшабибі.

«Көпшілік адамдар біздің елімізде әйелдер футболының бар екендігін білмей жатады. Мен дәл сол әйелдер футболымен айналысатын адамдардың бірімін. Әрине, мен осы саланы таңдағанда анам оның әйелдер үшін қол еместігін ескертті. Мен айтқанымнан қайтападым. Қазіргі кезде әйелдер футболы дамуда. Оны тек ер адамдар ғана ойнайды деген стереотип біртіндеп қалып келеді»,- дейді футболшы Бегайым Қырғызбаева.

 «Мен Таеквондо WTF 7 дан бойынша халықаралық нұсқаушымын»,- дейді Светлана Кан. Маған көптеген жандар шығыс спорты нәзік жандар үшін аса қауіпті екендігін ескертті. Отбасым, жақындарым аталған спорт түрімен айналысуға қарсы болды. Алайда, қазір олар осы спорттың арқасында жеткен менің жетістіктерімді көріп қуанады, мені қолдайды»,- дейді Светлана.

 Шекарашы Гүлжанат Шындалиева қазіргі қызметіне кездейсоқ келді. «Менің жолдасым әскери қызметкер болғандықтан, ол сала маған жақын болды. Мен қызмет барысында қандай да бір қиыншылықтарға тап болған емеспін және де отбасым бұл саланы таңдағаныма қарсы емес, керсінше қолдау көрсетеді»,- дейді Гүлжанат.

«Менің екі мамандығым бар және оның екеуі де ерлерге тән кәсіп»,- дейді Гүлзада Авкатаева. Бірінші кәсібім энергетик-жылу инженері, ал екінші кәсібім мұнай инженері. Бірінші кәсібім бойынша  слесарь, оператор, инженер-технолог болдым. Ал екінші кәсіпті игергеннен кейін консультант және жоба үйлестіруші қызметтерін жасап жүрмін. Менің ойымша, кәсіп - әйелдердікі, ерлердікі болып бөлінбейді, ол тек кәсіби-шеберлерді  ғана іріктейді,- дейді Гүлзада.

Соңғы жаңалықтар