БҰҰ Бас Ассамблеясы ҰҚШҰ қатысты қаулы қабылдады

АСТАНА.KAZINFORM - 18 қараша күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы қарар қабылданды. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз қызметі хабар таратты.

Генассамблея ООН
Фото: ҰҚШҰ

Құжатта ҰҚШҰ өзінің бітімгершілік әлеуетін және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жүйесін нығайтуға, терроризмге және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылға, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күреске және Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен ережелерін іске асыруға жәрдемдесетін табиғи және техногендік апаттардың салдарын жоюға елеулі үлес қосатыны атап көрсетілген.

Бас Ассамблея БҰҰ Бас хатшысын екіжақты байланыстар мен түрлі форматтағы форумдар аясында ҰҚШҰ Бас хатшысымен тұрақты консультациялар өткізуді жалғастыруға шақырды.

БҰҰ мен ҰҚШҰ БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы жаһандық стратегиясын жан-жақты жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастырады.

Екі ұйым да бітімгершілік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру жолдарын қарастырады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 81-сессиясының уақытша күн тәртібіне «БҰҰ мен өңірлік және басқа ұйымдар арасындағы ынтымақтастық» тармағына сәйкес «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арасындағы ынтымақтастық» деген тармақшаны енгізу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар