БҰҰ Бас хатшысы: Иран бойынша дипломатиялық мүмкіндік қапы кетті
АСТАНА. KAZINFORM - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында Таяу Шығыстағы әскери шиеленісті қатаң сынға алды, деп хабарлады BBC.
— АҚШ пен Израильдің Иранға қолданған күші және Иранның осы өңірдегі кейінгі жауап әрекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіреді, — деді ол.
Ол сенбі күні Иранға жасалған шабуыл АҚШ пен Иран арасындағы үшінші келіссөзінен кейін Оманның араласуымен жүзеге асқанын атап өтті.
— Мен бұл дипломатиялық мүмкіндіктің жіберіліп алғанына өкінемін. Өңірге де, әлемге де қазір дереу шешім қажет, — деді Гутерриш.
Бас хатшы барлық тарапты, әсіресе Иранның ядролық бағдарламасына қатысты, дереу келіссөз үстеліне оралуға шақырды.
Сонымен қатар Гутерриш Израиль мен АҚШ ресми тұлғаларының Әли Хаменейдің қаза тапқаны туралы хабарларын әлі растай алмайтынын жеткізді.
Еске салсақ Трамп Иранның жоғары жетекшісі Әли Хаменейдің қаза тапқанын хабарлаған еді.