БҰҰ Бас хатшысы Иранның Израильге жасаған шабуылын қатаң айыптады

БҰҰ Бас хатшысы
Фото: media.az

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Антониу Гутерриш «Иран Ислам Республикасының Израильге жасаған ауқымды шабуылынан туындаған ауыр шиеленісті» қатаң айыптады. Бұл туралы БҰҰ сайты хабарлады.

«Мен бұл соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырамын», - деді БҰҰ Бас хатшысы мәлімдемесінде.

Антониу Гутерриш «аймақтағы деструктивті шиеленістің қаупіне» алаңдаушылық білдірді.

Ол барлық тараптарды Таяу Шығыстағы жағдайды ірі әскери қақтығысқа әкелетін кез келген әрекеттерден аулақ болу үшін барынша ұстамды болуға шақырды.

«Мен аймақтың да, әлемнің де басқа соғысты көтере алмайтынын бірнеше рет атап өттім», - деп түйіндеді сөзін БҰҰ басшысы.

Сенбі күні кешке баспасөз бен ресми израильдік дереккөздердің хабарлауынша, Иран Израиль бағытына зымыран мен ұшақ ұшырды.

Соңғы жаңалықтар