БҰҰ Бас хатшысы Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімді қолдайды
АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израиль мен радикалды ХАМАС қозғалысы арысындағы бейбіт келісімнің бірінші кезеңіне қол қойылуын қолдайды. Халықаралық ұйым келісімнің толық орындалуына мүдделі және гуманитарлық көмек көлемін арттырады, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
- Мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Газада атысты тоқтату мен кепілдегі адамдарды босату жөніндегі келісімді жариялауын құптаймын. Мен АҚШ, Қатар, Мысыр мен Түркияның қазіргі таңдағы өте маңызды белесті еңсеруге күш салуын жоғары бағалаймын,-делінген дүниежүзілік ұйым басшысының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
-БҰҰ келісімнің толыққанды жүзеге асуына қолдау көрсетеді, сондай-ақ тұрақты және ең өзекті деген гуманитарлық көмекті жеткізуді одан әрі жетілдіріп, Газаны қалпына келтіру мен қайта құруға күш салатын болады.
БҰҰ Бас хатшысы сонымен қатар палестина-израиль шиеленісі тараптарын мәселесінің екіжақты шешімін табу үшін Газа бойынша бейбіт келісімнің мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.
- Мен барлық тараптарды оккупацияны тоқтату үшін сенімді саяси жолды таңдап, израильдіктер мен палестиндіктердің бейбіт әрі қауіпсіз әлемде өмір сүруіне мүмкіндік беретін Палестина халқының өз жолын таңдап, екі мемлекет тарапынан шешім қабылдау құқын мойындау үшін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын, - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, осыған дейін ХАМАС Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растаған болатын.