БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады

АСТАНА.KAZINFORM - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні Ливанда болған оқиғаны айыптады. Оқиға салдарынан Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінде (UNIFIL) қызмет ететін үш ганалық азамат жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Гутерриш
Фото: Ақорда

Бітімгерлік күштері Ливанның оңтүстік-батысындағы толассыз атқылау нәтижесінде жарақат алды.

-Бас хатшы БҰҰ қызметкерлері мен мүлкінің қауіпсіздігі әрқашан сақталуы керек екенін және кінәлілер жауапқа тартылуы керек екенін атап өтті,- деді БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдемесінде.

-БҰҰ ғимараттарына соққы беруге болмайтындығын барлығы білуі керек-, деді Дюжаррик.

Бас хатшы жарақат алғандардың тезірек және толық сауығып кетуін тілейтінін айтты.

-БҰҰ барлық тараптарды дереу шиеленісті азайтуға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1701 қарары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауға шақырады, -деп атап өтті ол.

Осыған дейін Израильдің Ливанға жасаған әуе соққысынан 72 адам қаза тапқаны туралы жаздық.

9/

Соңғы жаңалықтар
Референдум