БҰҰ Бас хатшысы Палестина жерін заңсыз басып алуды тоқтатуға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «мемлекеттілік палестиналықтардың құқығы» деп мәлімдеп, Палестина аумақтарын заңсыз басып алуды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.
БҰҰ Бас хатшысы кеңсесінің басшысы Кортни Рэттри Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне арналған арнайы жиында жасаған мәлімдемесінде А.Гутерриш Палестина халқының қадір-қасиетіне, әділдігіне және өзінің позициясын таңдауға құқығы бар екендігін айтты.
Ол соңғы екі жылда палестиналықтардың құқығы өрескел бұзылып жатқанын атап өтіп, биыл қазан айында қол жеткізген атысты тоқтату келісімінің үміт беретінін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторы туралы қарарының қабылдануы осы үмітті нығайтудағы маңызды қадам екенін баса айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы барлық тараптарды резолюцияның ережелерін толығымен орындауға және келесі кезеңге дереу өтуге шақырды.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Трамптың Газадағы қақтығысты реттеу жоспарын қолдады.