БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азияға сапары 29 маусымда басталады

АСТАНА. KAZINFORM —БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азияға сапары аясында Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Антониу Гутерриш
Фото: БҰҰ

Сенбі, 29 маусым күні БҰҰ Бас хатшысы Орталық Азияға сапарын бастайды, оның алғашқы аялдамасы Өзбекстанның Ташкент қаласы болады. Ары қарай Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Түркіменстанға жол тартады.

«3-4 шілде күндері Алматы мен Астанада болып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен және БҰҰ қызметкерлерімен кездесулер өткізеді. Бас хатшы 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне шақырылды. Ол „ШЫҰ плюс“ сессиясында сөз сөйлейді», — деп хабарлады БҰҰ кеңсесі.

Бұл Бас хатшының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқы ресми сапар 2017 жылы болды.

Сондай-ақ оның бүгінгі терең жаһандық келіспеушіліктер климаттың өзгеруі мен цифрлық технологиялардан туындайтын екі үлкен қауіп-қатерді шешу үшін елдердің бірігуіне кедергі келтіретінін айтады деп жоспарланған.

— Қазақстанның БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына деген адалдығын көрсететін екінші ресми сапары кезінде БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанда қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның БҰҰ-мен белсенді өзара іс-қимылы оның жаһандық бейбітшілікке, қауіпсіздікке және орнықты дамуға бейілділігін көрсетеді. Қазақстан көпжақты көзқарастың сенімді жақтаушысы болып табылады және БҰҰ — мен әріптестігін терең бағалайды, - деп атап өтті БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

БҰҰ бастамалары білім беру мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділікті кеңейтуден бастап гендерлік теңдікті ілгерілетуге, экономикалық мүмкіндіктер мен адам құқықтарын кеңейтуге дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтиды-барлығы инклюзивті қоғам құруға бағытталған. 2023 жылы БҰҰ-ның Қазақстанға серіктестермен бірлескен қолдауы 33,3 млн АҚШ долларын құрады

Соңғы жаңалықтар