БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев С.Н.Рерих медалімен және «Әлем Туы» естелік белгісімен марапатталды

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат -Қазақстанның танымал мемлекеттік қайраткері, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев С.Н.Рерих медалімен және «Әлем Туы» естелік белгісімен марапатталды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Н.К.Рерих атындағы Қазақстандық мәдениет орталығында хабарлады.

Марапаттар Женевада Рерихтер мұрасын сақтау бойынша комитеті және Мәскеудегі Рерихтер Халықаралық орталығы делегациясының сапары барысында табысталды.

Кездесу барысында тараптар мәдени мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қ-Ж.Тоқаев Рерихтер Халықаралық орталығының Рерих пакты идеяларын дәріптеу және Рерихтер мұрасын сақтаудағы қызметінің ерекше мәнін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар