БҰҰ басшысы әйелдердің құқықтарын қорғау үшін әрекет етуге шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні жыл сайын 8 наурызда аталып өтетін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау және ілгерілету үшін әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Антониу Гутерриш
Фото: Синьхуа

- Біз бүгін Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу үшін ғана емес, адамзат мүддесі үшін бүкіл әлемдегі барлық әйелдер үшін теңдік, даму және бейбітшілік жолында табанды, біріккен және тайсалмай ілгерілеу үшін жиналып отырмыз, - деді А.Гутерриш Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерде өткен шарада.

Ол биыл Бейжіңде өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференциясына 30 жыл толып отырғанын, онда әйелдер құқығы – адам құқығы екені тағы бір мәрте расталғанын атап өтті. 

Содан бері әйелдер көптеген кедергілерді жеңіп, қоғамды өзгертті. 

- Алайда бұл қиын-қыстау табыстар әлі де нәзік және жеткілікті деңгейде емес», - деп мәлімдеді А.Гутерриш.

БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, зорлық-зомбылық, кемсітушілік және экономикалық теңсіздік біздің қоғамдағы проблемалар болып қалып отыр. 

Ол бүкіл әлемде әйелдердің құқықтарына шабуыл жасалып жатқанын, ғасырлар бойы қалыптасқан кемсітушілік жаңа қауіп-қатерлермен ушығып жатқанын атап өтті. 

- Біз тең құқықты енгізудің орнына шовинизм мен әйел атаулыны жаратпаушылық енгізіліп жатқанын көріп отырмыз.

Прогресс кері бағытта жүріп жатқанда біз шыдай алмаймыз. Біз қарсы тұруымыз керек, - деп үндеді А.Гутерриш.

Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар