БҰҰ басшысы Дағыстандағы лаңкестік әрекеттерді айыптады

 Антониу Гутерриш
Фото: БҰҰ

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресейдің Дағыстан Республикасында жексенбі күні жасалған лаңкестік әрекеттерді «қатаң түрде» айыптады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды. 

Дүниежүзілік ұйымның басшысы «жексенбі күні Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасындағы еврей және христиан діни орындары мен қауіпсіздік күштеріне қарсы жасалған лаңкестік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды», - деді БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Оның айтуынша, А.Гутерриш қаза болғандардың туыстарына, Ресей халқы мен үкіметіне көңіл айтып, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Дағыстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша жексенбі күнгі Ресейдің оңтүстігінде жасалған содырлардың шабуылдары салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алды, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар да бар.

Айта кетейік, 24 маусым күні Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады.

Соның салдарынан полицияның 15 қызметкері мен 4 азамат қаза болды. Оның арасында шіркеуі қызметкері де бар.

Республикада 24, 25 және 26 маусым азат тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Дағыстандағы терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар