БҰҰ бұрынғы сарапшысы геоинженерияның жаңа тәсілдеріне қайран қалды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Геологиялық инженерия саласының ғалымдары Жер шарындағы климат жағдайын жақсартуға арналған түрлі әрекеттерді қарастырып жатыр.

БҰҰ бұрынғы сарапшысы геоинженерияның жаңа тәсілдеріне қайран қалды

 Мамандар Германияның Бонн қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ының климат жөніндегі конференциясында өз ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы.

Конференцияға қатысушы сарапшылардың пікірінше, геоинженерия  атмосфераға зиянды қалдықтарды тастау шараларына қосымша болуы мүмкін, бірақ оның орнын алмастыра алмайды. Ғалымдар атмосфераға ықпал етудің түрлі амалдарын қарастырып жатыр. Олардың кейбіреуі бұрыннан келе жатыр, ол - көгалдандыру. Геоинженерия - адам әрекетінің біршама жаңа тәсілі. Ұсынылған әдістердің кейбіреуі, мәселен, күн сәулесі қабілеттілігін төмендету мақсатында стратосферадағы  аэрозольды тозаңдандыру табиғат үрдістеріне белсенді кедергі келтіру болып саналады. Осыған байланысты, сарапшылар мұндай технологияларды бақылаусыз пайдалануға болмайтынын ескертеді.

«Бұл тәсілдер тек қатерге әкеп соғады. Оларды пайдалану қажет болуы мүмкін, бірақ бұл шешімді кім қабылдайды? Барлық қоғам бұл мәселені талқылауға атсалысуы керек», - деді БҰҰ-ының климат жөніндегі бұрынғы сарапшысы,  климаттық геоинженерия басқармасы бойынша Карнеги бастамасының атқарушы директоры Янош Пастор.