БҰҰ ДБ Қазақстандағы өкілдігінің басшысы: ҚР-дағы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетіледі

Кездесуде осы жылдарда Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық өзара тиімді және серпінді өзара іс-қимыл жағдайында орнағаны аталып өтілді.
Е.Ыдырысов БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықты бағыттарының бірі екенін атап көрсетті. Өткен жылдың маңызды оқиғасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясына және БҰҰ-ның орнықты даму саммитіне қатысуы, сондай-ақ орнықты даму мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету, қарусыздану және лаңкестікпен құрес жөніндегі бастамалары болды. Е.Ыдырысов БҰҰ ауқымында оның құрылымдарымен тығыз жұмыс жасауға сенімін білдірді.
Сонымен бірге 2015 жылы Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның, Бас хатшының орынбасары - БҰҰ ДБ әкімшісі Хелен Кларктың, сондай-ақ ұйымның басқа да жоғары лауазымды өкілдерінің нәтижелі сапарлары аталып өтілді. Әңгімелесушілер Қазақстанда Мыңжылдық даму мақсаттары ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын, елдің 2030 жылға дейінгі орнықты даму күн тәртібін жасауға белсене қатысқаны, ҚР Үкіметі мен БҰҰ агенттіктерінің Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы бірлескен жобалары, сондай-ақ БҰҰ Аймақтық хабын Алматыда құруда ілгерілеу бар екенін атап өтті.
Н.Шимомура БҰҰ агенттігі 2015 жылы Қазақстан мен БҰҰ арасында жасалған 2016-2020 жылдарға арналған даму мақсатындағы әріптестік негізденмелік бағдарламасына сәйкес «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен бес институционалдық реформа ауқымында бағдарламалар мен реформаларды қолдауға жан-жақты жәрдем және сарапшылық көмек берілетінін мәлім етті.