БҰҰ: Газада мерт болған палестиналықтар саны ресми көрсеткіштен 10 есе көп

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әрекеттерінің салдарынан Газада мерт болғандар саны ресми көрсеткіштен 10 есе көп, яғни ресми көрсеткіш 65 мың, шындығында өлгендер саны кемінде 680 мың адам болуы мүмкін. Арменпресс-тің хабарлауынша, бұл туралы БҰҰ-ның оккупацияланған палестиналық аумақтағы Адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы мәлімдеген.

Газада мерт болған палестиналықтар саны ресми көрсеткіштен 10 есе көп
Фото: armenpress

- 65 мың деген мерт болған Палестина тұрғындары және олардың 75 пайызы әйелдер мен балалар. Шындығында бізге 680 мың деген цифр туралы ойлану керек. Себебі кейбір ғалымдар мен зерттеушілер Газада құрбан болғандар саны туралы нақты ақпарат осындай деп отыр,-деді ол Женевада журналистермен болған брифингте.

Альбанезе егер тергеуді жүргізушілер мен өзге де тұлғаларға оккупацияланған Палестина аумағына кіруге тыйым салынса, бұл көрсеткіштерді жоққа шығарып немесе растау қиын болатынын айтты.

- Егер бұл көрсеткіш расталатын болса, онда мерт болғандардың 380 мыңы 5 жасқа дейінгі балалар, - деп қосты ол.

Осыған дейін Израильдің қарқынды соққыларынан кейін Газадан 300 мыңнан аса тұрғын кеткені туралы жаздық.

Ал кеше ЦАХАЛ Газаны басып алу үшін шабуылға шықты.

 

Соңғы жаңалықтар