БҰҰ Израильдің «Азаттық флотилиясын» басып алу әрекетін заңсыз деп таныды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - БҰҰ сарапшылары израильдік арнаулы жасақтардың «Азаттық флотилиясын» басып алған кезіндегі әрекеттерін халықаралық құқық пен адам құқықтарын бұзушы әрекет деп таныды. Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.
None
None

Осы оқиғаны тексерумен айналысқан БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің арнайы комиссиясының 56 бетті баяндамасы атап көрсетілгендей, Израильдің Газа Секторындағы теңіз блокадасы, онда орын алған гуманитарлық дағдарысқа байланысты, заңсыз. Сарапшылар «флотилия» шабуылына қатысушыларды қасақана адам өлтірді және азаптады, сондай-ақ адамдардың өмір сүруге, өз еріктерін білдіру бостандығына деген құқықтарын бұзды деген күдік айтуда.

Ал еврей мемлекетінің сыртқы саяси ведомствосы да өз кезегінде мәлімдеме жасап, Адам құқықтары жөніндегі кеңестің бұл іске деген көзақарасы «о бастан теріс, саясаттандырылған және экстремистік бағытта» екенін айтуда.

Израиль қоршауға алған Газа Секторына бара жатқан кемелердің гуманитарлық керуені - «Азаттық флотилиясын» мамыр айының соңында Израиль арнайы жасақтары басып алған болатын. Осы оқиғаның салдарынан Түркияның тоғыз азаматы қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар