БҰҰ: Израиль Газаға шабуылды күшейтті, өңір тұрғындары көшуге мәжбүр

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль Газа секторына шабуылды күшейтіп, көшіп қонғаннан әбден қажыған халықты қоныстарын тастап кетуге мәжбүрлеп отыр.

Израиль Газаға шабуылды күшейтті
Фото: Анадолы

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик апталық брифинг барысында мәлім етті, деп жазады Анадолы.

БҰҰ өкілі Израиль күштерінің Газада сақталып қалған көпқабатты ғимараттарға соққы жасап жатқанын атап өтті.

- Олардың көпқабатты нысандарға әлі де болса шабуылдайтын ойлары бар. Бұл бізді алаңдатып отыр, -  деді ол.

Дюжаррик эксклав тұрғындарының жиі қоныс аударатынына назар аударды.

Оның айтуынша, ресми расталған ашаршылық өңірдегі жағдайды одан сайын ушықтырып отыр.

- Халық оңтүстікке қарай бара алмай отыр, халық барып жатқан аудандарда адам саны шектеп тыс көп, сонымен қатар жол жүру шығыны 1000 АҚШ долларына дейін барған, — деді ол.

БҰҰ өкілінің айтуынша, осындай қиындықтарға қарамастан, соңғы екі күннің ішінде ғана Газаның солтүстігінен оңтүстігіне қарай үш мың адам қоныс аударған.

Дюжаррик Израильдің аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуге шектеу қойып, кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

Қаңтар айынан бері Иордан өзенінің сол жағалауында 2 780 Палестина тұрғыны жараланған.

Израиль оккупациялаған Батыс жағалаудағы соңғы оқиғаларға тоқталған Дюжаррик, биылғы жылдың қаңтар айынан бері бұл өңірде Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылардың әрекеттері салдарынан 2 780 палестиндіктің жараланғанын мәлімдеді.

Осыған дейін Израиль Газа секторындағы көпқабатты ғимаратты қиратқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар