БҰҰ: Израильдің Газадағы әрекетінен кемінде 21 мың бала мүгедек болып қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің 2023 жылдың 7 қазанынан бері палестиналық анклавтағы әскери әрекеттерінің салдарынан Газада кемінде 21 мың бала мүгедек болып қалды. Бұл мәліметтерді Женевада БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары келтірді, деп жазады ресейлік ТАСС.

Олар келтірген мәліметтерге қарағанда, Газада шамамен 40,5 бала соғысқа қатысты жарақаттар алған.
Сондай-ақ 2023 жылдың 7 қазаны мен 2025 жылдың 21 тамызы аралығында Газаның 157 мыңан астам тұрғыны жарақат алды. Олардың 25 пайызының өмір бойына мүгедек болып қалу қаупі бар.
Айта кетейік, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС жақтастарының Газа секторынан Израиль аумағына кіргенінен соң Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісті. Өйткені ол кезде ХАМАС жақтастары Газа мен Израильдің шекаралас аумағындағы елді мекен тұрғындарын өлтіріп, 250-ден астам адамды кепілге алған болатын.
Бұған жауап ретінде Израиль ХАМАС-тың әскери және саяси құрылымдарын жою және ұрланған адамдарды қайтару үшін анклавта әскери операция бастады.
Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, әскери әрекеттердің салдарынан 63 мыңнан астам палестиналық мерт болды, 161 мыңнан астам адам жарақат алды. Сонымен қатар 367 жергілікті тұрғын, соның ішінде 131 сәби аштықтан өлді.
БҰҰ-ның 18 тәуелсіз сарапшыдан тұратын Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті келісіммен жұмыс істейін орган.
Ол Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны қатысушы мемлекеттердің орындауына мониторинг жүргізеді. 2025 жылдың қыркүйегіне қарай Конвенцияны 192 мемлекет пен Еуроодақты қоса алғанда, 193 тарап ратификациялаған.
Осыған дейін Газа секторында тұмаудың ауыр түрі таралып жатқаны жөнінде жаздық.