БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың Иранға соққы жасауына байланысты шұғыл жиналыс өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Барбара Вудворд «Ұлыбританияның басты басымдығы қазір деэскалацияны қолдау болуы керек» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.

ПРООН
Фото: UN

- Біз Иранның ядролық қаруы болмауы керек екенін және оның ядролық бағдарламасы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретінін бұрыннан түсіндірдік, - деді ол.

«Ұлыбритания АҚШ пен Израильдің соққыларына қатысқан жоқ», - деп қосты ол.

Вудворд тек әскери әрекеттің Иранның ядролық бағдарламасына ұзақ мерзімді шешім әкеле алмайтынын айтып, барлық тараптарды келіссөз үстеліне оралып, дипломатиялық шешім табуға шақырды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси де Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлеп, тараптарды дипломатияға қайта оралуға шақырды.

- Диалог пен дипломатияға қайта оралу мүмкіндігі бар, - деді ол.

Гросси «егер бұл терезе жабылса, зорлық-зомбылық пен қирату елестету мүмкін емес деңгейге жетуі мүмкін және жаһандық ядролық қаруды таратпау режимі күйрейді» деп ескертті.

Осыған дейін МАГАТЭ-нің АҚШ-тың соққысынан кейін шұғыл жиын өткізетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар