БҰҰ қызметкерлерінің хуситтер қолына түсуіне байланысты Йемендегі кейбір операцияларын тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымы «төтенше және уақытша шара» өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданғанын мәлім етті.

БҰҰ қызметкерлерінің хуситтер қолына түсуіне байланысты Йемендегі кейбір операцияларын тоқтатты
Фото: Anadolu

БҰҰ Йеменнің Саада аймағындағы көмек операцияларын тоқтатты. Оған өткен айда сегіз қызметкерінің хуситтер қолына түсуі себеп болды. 24 қаңтарда болған оқиғадан кейін БҰҰ хуситтер бақылайтын аймақтарға баруын тоқтатты.

Дүйсенбі күні жасалған ресми мәлімдемеде БҰҰ Саада провинциясындағы барлық операция мен қолға алынған бағдарламаларды тоқтату туралы шешім қабылданғанын, себебі қауіпсіздік кепілдігінің жоқтығын жария етті.

– Бұл төтенше және уақытша шара. Ол БҰҰ қызметкерлері мен оның серіктестерінің қауіпсіздігіне кепілдік берілу мақсатында істеліп отыр, - дейді БҰҰ өкілінің орынбасары Фархан Хак.

Қазіргі уақытта Саадада БҰҰ-ның жеті агенттігі жұмыс істейді, оның ішінде Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ бар.

АҚШ Йемендегі хуситтерді лаңкестік ұйым ретінде қайта танығанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар