БҰҰ Ливандағы бітімгерлер санын қысқартуды бастады
АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ өзінің Ливандағы бітімгерлік күштерінің төрттен бірін қысқартуға кірісті. Бұл туралы «Известия» басылымына БҰҰ Ливандағы уақытша күштерінің баспасөз хатшысы Кендис Арбил мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
-БҰҰ жүйесіндегі бюджеттің қысқаруы нәтижесінде халықаралық ұйым Ливандағы уақытша күштері санының төрттен бірін қысқартуды бастады. Біз бұл үдерісті бастадық, ол 2026 жылдың басында аяқталуы тиіс, — деді Арбил.
2025 жылдың 20 қарашасындағы мәлімет бойынша, әскер саны 9,9 мың адам болған. Ал оған дейінгі әскер саны 10,5 мың болған, деп хабарлады басылым БҰҰ мәліметтеріне сілтеме жасап.
Баспасөз хатшысы өткен жылдар ішінде бітімгерлер өздерінің операция жүргізетін аумағында «Хезболла» мен өзге де мемлекеттік емес қарулы құрылымдар тарапынан қандай да болсын белсенділікті байқамағанын жеткізді.
Арбилдің сөзінше, санкцияланбаған әскери инфрақұрылымды қалпына келтіру немесе заңсыз қару кіргізу әрекеттері тіркелген жоқ.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тамыз айының соңында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің мандатын 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартып, тап осы уақыттан бастап жыл ішінде әскер мен қызметкерлерді қауіпсіз жағдайда қысқартып, тәртіпке келтіру жұмыстарын бастау жөнінде қаулы қабылдады.
Осыған дейін БҰҰ Ливандағы бітімгерлер санын 25 пайызға қысқартатыны туралы жаздық.