БҰҰ-ның білім алу құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы К.Сингх ҚХА өкілдерімен кездесті

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның білім алу құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Кишор Сингх елімізге ресми сапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Бұл ақпаратты ассамблеяның баспасөз қызметі таратып отыр.
None
None

Кездесу еліміздің мәдениетаралық диалог саласындағы жетістіктерімен, этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісімен және нәсілдік, діни, этностық белгілеріне қарамастан кепілдік берілген тең білім алу құқығын қамтамасыз етуге ықпал ететін азаматтық қоғам институты ретінде Ассамблеяның қызметінің бағыттарымен танысуға ниет білдірген К.Сингх мырзаның бастамасымен ұйымдастырылды.

Әріптестік жағдайында өткен кездесу барысында қонақтарға Н.Назарбавтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі таныстырылды. Этносаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі Мемлекет басшысының саяси жігерінің маңызы аталып өтілді. БҰҰ өкілдері Ассамблеяның алдында тұрған міндеттермен, оның халықаралық жұмысымен танысты, мемлекеттік ұлттық саясатты жүргізудің механизмі мен ерекшеліктері, этностық топтар құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық өлшемдерді іске асырыру туралы нақты түсіндірмелер алды.

Этномәдени бірлестіктердің қызметін мысал ету арқылы ҚХА-ның Қазақстан халқының мәдени әр алуандығын сақтау және дамыту бойынша қызметі көрсетілді. БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Ассамблеяның конституциялық мәртебесі, оның жоғары заң шығару органы - Парламеттегі өкілдігі, ҚХА-дан сайланған депутаттардың жұмысы туралы ақпараттар алды.

К.Сингх мырза Қазақстанның оң тәжірибесін және Ассамблеяның этносарлық тұрақтылықты сақтаудағы, қоғамдық келісімді нығайтудағы, сондай-ақ республиканы мекендейтін барлық этностардың білім алуға қол жеткізу құқығын қаматамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

Тараптар осы кездесу Ассамблея мен БҰҰ-ның құрылымдары арасындағы әріптестікті нығайтуға үлес қосады деген ортақ пікірлерін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша БҰҰ өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық-Дружба» журналы әзірлеген «Қазақстан және әлем» жинағы, этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің таныстырылым материалдары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар